Ақсу қаласының

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Бір жылда75156
Бір айда6648
Бір аптада986
Кеше315
Тәулік95
Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
мұғаліммен жұмыс - 193
өздігінен білім алу - 111
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 57
электрондық ресурстардан - 27
басқа формалар - 7
Дауыс бергендер саны: 395
Нәтижені көру
Сенім телефоны8 (71837) 64294
150
11616
Мухитов Қасымхан гимназияның 2013 жылы түлегі
17-10-2013 09:49
Мухитов Қасымхан гимназияның 2013 жылы түлегі

Мен, Мұхитов Қасымхан, Ақсу қаласы гимназияның 2013 жылы түлегімін, «Алтын белгі» иегерімін.  Гимназияда 1-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін оқыдым. 2012 жылы мамыр айында Қазақ педагогикасының жарық жұлдызы, аты аңызға айналған біртума тұлға, саналы өмірін шәкірт тәрбиелеуге арнап, ана тілінің құдіретін ұрпақ тәрбиесіне сіңіріп келе жатқан әйгілі ұстаз Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атына өткізілген қазақ тілі мен әдебиетінен Халықаралық олимпиадаға қатысып, жүлделі екінші орынды иелендім. Республиканың және көрші Ресей, Моңғолия, Қытай, Қырғыз елінен жиналған үздік саңлақтарымен ой жарыстырып, білім бәйгесіне түстім. Өзге елде жүрсе де, өз тілін, әдебиетін, тарихын, мәдениетін, ұлттық болмысын жоғалтпаған  қандас бауырларымыздың олимпиадаға қатысуы қуантарлық жай. Осы олимпиадаға дайындық барысында өз білімімді жетілдіріп, шыңдай түстім. Жүйріктердің үздік додасында өз білімімді көрсетіп, мол тәжірибе жинадым.

Олимпиададағы жеңісім он бір жыл оқыған білімімнің жемісі, жарқын болашағымның кепілі болды. Осындай жеңіске жетелеген ұстаздарым Шалабаева Аршагүл Олжаханқызына, Шапауова Әсемгүл Сембіқызына, Дүйсембаев Әскербек Құлтайұлына  алғысымды білдіремін.