Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1207
Нәтижені көру
Астана қаласындағы І филологтер съезі. Съезд делегаты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Дүйсембаев Ә.Қ.
17-10-2013 13:56
Астана қаласындағы І филологтер съезі. Съезд делегаты қазақ тілі мен әдебиет  пәнінің мұғалімі Дүйсембаев Ә.Қ.

«... Біз балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауымыз керек және бұл біздің әлемге ықпалдастық жасауымызға, біздің балаларымыздың ағылшын тілін және Интернет тілін жақсы меңгерулеріне жағдай жасайды, ал ең бастысы бұл – қазақ тілінің жаңғыртылуына серпін береді».

Н.Ә.Назарбаев

      16-17 мамыр аралағында Астана қаласында  «Қазақстандағы филологиялық білім беруді дамытудың негізгі басымдықтары»  атты еліміздің тәуелсіздік   тарихында тұңғыш рет І филологтар съезі өтті.  Съезге шетел, отандық  ғалымдар мен қатар республиканың әр өңірінен ұстаздардан құралған делегаттар қатысты. Павлодар облысынан білім беру басқармасының басшысының орынбасары Т.Н Иванова бастаған 14 ұстаз қатысып келді.  Алғашқы күні ұстаздар қауымын  Назарбаев Зияткерлік мектебінің, Оқушылар сарайының,  «Зерде»  мектебінің,  «НұрОрда» лицейінің,  «Хейлиберри Астана» мектебінің,  «Мирас», №63 «Әсемай» балабақшаларының инновациялық бастамалары мен жобаларының зертханаларымен таныстырды. Секциялық отырыста  тілдер ұштұғырлығы, тіл мен әдебиетті оқытуда жаңа технология мен әдістердің әдістемесін жетілдіру, педагог кадрларды  даярлауда   көптілді оқытуды енгізу, түрік елдеріндегі латын графикасының негізінде жаңа ұлттық әліпбиді енгізу, филологтарды кәсіби –педагогикалық даярлау, мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңарту  бағыттары бойынша  жұмыс  жасады. 17 мамыр күні пленарлық отырыста Білім және ғылым министрі  Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов  баяндамасында  тілді меңгертудің халықаралық стандарты  негізінде  «балабақша – мектеп – колледж –жоо» мемлекеттік тілді үздіксіз оқыту жүйесінің ендіріліп жатқанын жеткізді. Сонымен қатар Ұлыбританияның Лингвистикалық білім беру институтының қызметкері  Алан Пулвернес  өз баяндамасында «Қазақстан шет тілдерін жай ғана білуді мақсат етпей,  көптілді қоғамды құруды көздеген ел» деген. Шетелдік елбасының «Тілдер ұштұғырлығы» жөнінде жасаған тұжырымдамасына  жоғары  баға берді.  Бұл съезде сонымен қатар, оқулық -  білім сапасын арттырудың кепілі болып табылғандықтан, ондағы тапсырмалар деңгейіне сындар айтылды.  Қазақ әдебиеті арқылы ұлттық құндылықты таныту арқылы оқушы құзыреттілігін дамыту, өзге тілді  мектептерде  қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың  өзекті мәселелері туралы   баса айтылды.

      Съезд  жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді. Әр өңірден келген ұстаздар қауымы өздерінің ойларымен бөлісіп, секция отырысы  бойынша  ұсыныстар берді.

Съезд делегаты, Ақсу қаласының дарынды

балаларға арналған мамандандырылған

гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет

пәнінің мұғалімі Дүйсембаев Ә.Қ