Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1207
Нәтижені көру
"Тілдер тоғысы". Жүнісов Жантас, 8-сынып оқушысы
17-10-2013 18:04

    Талай-талай тартысқа түскен тұста,  төзімділік танытқан, тәуелсіз, тұғырлы, туы төрінде тұрған тілімізді, тарихымызды танитындарда, танымайтындарда таңқалуда.  Тіл туралы тақырыпты түртіп, тақырыпты тілге тиектегенім теледидарды тамашалап тұрғандағы телефонмен тілдесудегі, таусылмайтын тынымсыз тіршіліктегі, тағысы-тағы талай тұстарда тоғысатын тілдік тоғысулар, туған тіліміздің тағдыры. Толықтай түссем, тіліміздің туғандары тілге түрлі-түрлі  тілдерді тоғыстырады, танымайтындары тануға талпыныс танытпайды.  Топқа топырақты төкпей түсінгенім, туған тілінде тілдесуге тартынғандары!  Тартынатындар, тап-тамаша тілімізді тани тұрып, таза тілмен түсіндірмей, төрдегі тілімізді табалдырыққа тартатындар ту таңда толып тұр. Туған тілінде тілдеспек түгілі, тілдесу түнгі түсінде де тұрмайтындар таңырқауға тұрарлық. Турасы, тіліміздің тағдырына тосын тосқауыл. Татарлардың танымал тарихшысы: «Тілдің тыныш тұрғаны тарихқа тас тастағаны, тілдің тыным таппағаны тілді тауға тартқаны»,-деп турасындағы тақырыпты талқылағаны тарихтарында таратылған. Тура татардың тарихшысы талқылаған тақырып тәрізді, тіл талқылауға, таласуға тұрарлық тақырып.