Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1207
Нәтижені көру
«Ана тілің – арың бұл». Мажинова Эльмира, 8«Ә» сыныбының оқушысы
17-10-2013 18:10

    Тіл дегеніміз – адам ойын, пікірін жеткізетін басты құрал. Менің ана тілім – қазақ тілі. Ол – мен үшін өте қадірлі, құрметті.

  «Тіл – әр ұлттың ең ұлы анасы» деп Мұқтар Шахановтың айтқан сөзіне қосыламын. Әр адам баласының өз тілі бар. Мен өз тілімді сүйемін. Күнделікті сөйлеп жүрген тілім – қазақ тілі болғандықтан, оны басқа тілмен айтып, тіл қадірін кетіріп шұбарламаймын.

   «Тіл – жүйріктен де озады» деп те бекер айтылмаған. Себебі, тіліңді қалай жақсы көрсең, оны жете түсінсең – өзіңнің шешендігіңді және ақылдылығыңды, парасатты, дүниетанымың жоғары адам екеніңді көрсетесің. Өз тіліңде жақсы сөйлесең, басқа тілдерді де тез игеріп кетуге болады.