16 қазан 5-7 сыныптар арасында дәстүрлі Алтын күз мерекесі өтті. Әр сыныптан Күз Ханшайымы мен Ханзадасы түрлі сайыстарға қатысып, өз өнерлерін көрсетті. «Күздің сыйы» атты табиғи материалдар мен көкөніс жемістерден түрлі қол өнер көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар өздерінің күзгі әзіл, ән, билерін жұртшылыққа ұсынды. Кеш қорытындысы бойынша 6а сынып оқушысы Жұматаев Тамерлан мен 5а сынып оқушысы Ұзақбай Нұрайым «Күз Ханзадасы мен Ханшайымы» атағына иеленсе, 6а сыныбы Күз мерекесінің жеңімпазы атанды.
8-11-сыныптар арасында «Алтын күз» мерекесі 17 қазан күні өтті. Алтын күз мерекесі барысында ханзада мен ханшайым өз өнерлерін көрсетті. Әділ-қазылардың шешімі бойынша 8а -сыныбының ханзадасы мен ханшайымы «Өнерлі» деген номинациясына ие болды, 9 -сыныбы «Сымбатты» атанса, 11- сынып «Ұйымшыл» атағына ие болды. Ал «Күз ханшайымы» мен «Күз ханзадасы» атағына 10-сынып оқушылары Имангалиев Рустам мен Дулатова Назгүл ие болды. Мереке әнмен, бимен жалғастырылды.
Бастауыш сыныптар арасында «Алтын күз» мерекесі 19-қазан күні өтті. «Алтын күз» мерекесіне арналған сайыс үш кезеңнен тұрды: таныстыру, өнерлі-өрге жүзер, шебер қолдар. Бірінші кезеңде ханшайымдар өздерін таныстырып, киім үлгісін көрсетті. «Өнерлі-өрге жүзер» сайысында әр сынып өз өнерлерін ортаға салды. Шебер қолдар сайысында оқушылар табиғи материалдар мен жемістерді пайдаланып әртүрлі бұйымдар жасап, қорғады. Мерекенің соңында белсенділік танытып өз өнерлерін көрсете білген оқушыларға мақтау қағаздары табысталды.