Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Күзгі демалыс шаралары
12-11-2013 10:40
Күзгі демалыс шаралары

Күзгі каникул кезінде оқушылардың күндізгі бос уақытын ұйымдастыру мақсатында бейіндік топтар құрылып, түрлі шаралар ұйымдастырылды. Шаралар 4 бағытта жоспарланды: спорттық-әскери, танымдық, құқықтық, шығармашылық. Каникудың алғашқы күндері құқықтық бағытта «Заң және жасөспірім» дөңгелек үстелі, «Конвенция бойынша менің құқықтарым» зияткерлік ойыны, «Банк қызметі» экономикалық-танымдық сайысы өтті. Шаралар  мазмұны оқушылардың  өз құқықтарын білуге, сақтауға және қорғауға бағытталды. Оқушылар құқықтық бағыттағы құжаттармен таныса отырып, бірнеше баптарды талдап, күнделікті өмірдегі мысалдармен дәлелдеп отырды. Әсіресе «құқығым бар», «міндетім бар» ойыны оқушылардың көңілінен шықты. Сөз бостандығы,тең құқылығы, еңбек ету құқығы, қоғамдық белсенділік құқығы оқушылармен қызу талқыланды.

Сонымен қатар 6,7 қараша күндері мектепішілік шахмат турнирі мен денсаулық күні өтті. Спорттың 5 түріне: пионербол, волейбол, туризм, теннис, шахмат 68 оқушы қатысты. Олар спорттық бағдарлау, кедергілер жолағынан өту, ептілік сияқты кезеңдерден өтті. Сайыстар қортындысы бойынша жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталды. Атап айтқанда: шахматтан  І орынды 3 «ә» сынып оқушысы Файзуллин Нұржан. ІІ орынды 5 «ә» сынып оқушысы Берденбек Аманжол, ІІ орынды 3 сынып оқушысы Қожабергенов Думан иеленсе, осы сынып оқушысы Арыстанов Ілияс «Жеңіске деген талпынысы» номинациясымен марапатталды. Теннистен үздік болып танылған 6 «а» сынып оқушысы Гомарова Мапу мен 5 «а» сынып оқушысы Жұматаева Әсел. 3-4 сыныптар арасында өткізілген пионербол жарысында  І орынды 3 «ә» сыныбы,  ІІ орынды 4 «а» сыныбы, ІІІ орынды 4 «ә» сыныбы иеленсе, баскетболдан 10 сынып  тобы суырылып алға шықты, туризм көпсайысында жеңімпаз 5 «а» сынып оқушылары.

Оқуылардың рухани дүниесін байыту мақсатында гимназия кітапханасында балалар әдебиетінің негізін қалаушы Мұзафар Әлімбаевтың  90 жылдығына арналған  «Балалардың бас ақыны - Мұзағаң» атты шығармашылық  шара  өтті.  2,3 сынып оқушылары ақынның өмірбаянымен, шығармашылық жолымен қысқаша танысып, жұмбақ шешу, жаңылтпаш  оқу, мақал-мәтелдер құрастыру, метаграмма шешу сияқты тапсырмаларды орындап, «Балдырған», «Жыл 12 ай» сияқты журнал беттерінен ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, өлең мазмұнына сәйкес салған суреттерін қорғады. Ақынның балалық шағы, туған жері туралы шағын «Жүрекжарды» атты бейнефильм көріп, шығармашылығына терең бойлады.

 

ДТжО: Гүлбану Бакирбекова