Омбы қаласында күзгі ауысымдық олимпиада мектебінде оқып келді
9-сынып оқушысы Қайыржан Санжар 3-9 қараша аралығында Омбы қаласында өткен математика пәні бойынша күзгі ауысымдық олимпиада мектебінде оқып келді. Олимпиадалық мектепке Қазақстаннан барлығы 34 оқушы, 26 оқушы Павлодар облысынан, оның ішінде Ақсу қаласынан 1 оқушы, 8 оқушы Астана қаласынан барды. Қайыржан Санжар оқу үздігі, Республикалық сырттай оқу мектебінің оқушысы, Қазақстан интернет олимпиадасының жүлдегері.
Санжарға Омбы қаласындағы олимпиадалық мектепте білімін ары қарай ұштауға қаржылық жағынан қолдау көрсеткен ата-анасына алғысымызды білдіреміз.