Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
«Айгөлек» бишілерінің тамаша жеңісі!
12-12-2013 17:23
«Айгөлек» бишілерінің тамаша жеңісі!

7-9 желтоқсанда Алматы қаласында Республикалық «Айгөлек» телевизиялық фестивалінің финалына, алдағы І,ІІ,ІІІ турларынан сүрінбей өткен,  Ақсу қаласы гимназиясының «Айгөлек» би  тобы  қатысып, жүлделі 2 орынды иеленді.  

Фестиваль Республика сарайының төрінде өтті.  Бишілеріміздің өнеріне баға берген  әділқазылар алқасында  Қазақстан Республикасына танымал әнші Айгүл Иманбаева, өнер қайраткері, жыршы Ұлжан Байбосынова, Жеңіс Ысқақова, мәдениет қайраткері Тәуіржан Рахат  сияқты өнер майталмандары болды. Әділқазылардың  пікірі бойынша бишілеріміз  фестивальге  жоғары дайындықпен келіп, «Қарақшылар» биін асқан шеберлікпен орындап, тамаша өнер көрсетті. Бүлдіршіндерімізді  байқауға жоғарғы деңгейде өнер көрсетуге дайындаған, ансамбль жетекшісі жоғары білікті маман, өз ісінің шебері, хореограф –   Зембаева Динара Ниғматуллақызының еңбегі зор. «Айгөлек» би тобы ІІ дәрежелі дипломмен және 2014 жылы Ресейдің Киров қаласында өтетін Халықаралық «Арт-СОЛО» конкурсына қатысуға сертификатпен марапатталды. Бишілерімізді және  жетекшісі Динара Негматулловнаны шын жүректен құттықтаймыз!