«Жас Ұлан» ұйымына оқушыларды қабылдау салтанаты
12 желтоқсан күні гимназияның оқушыларын «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау рәсімі өткізілді. Жалпы 30 оқушы, оның ішінде гимназияда 20 оқушы, қалалық деңгейде 10 оқушы қабылданды. Қалалық деңгейде «Жас ұлан» және «Жас қыран» Республикалық ұйымының қатарына оқушыларды қабылдау рәсімі құрметті қонақтарға берілді. Олар қалалық әкім орынбасары, Ақсу қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Арынов Залмұқан Арынұлы, ардагер ұстазымыз Сламбекова Рымкеш Хамитовна және «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері. Мектепішілік деңгейде оқушыларды гимназия директоры Касенова Мария Абдукадировна, ардагер ұстаздарымыз Кожабекова Рымкеш Нуриденовна, Сламбекова Рымкеш Хамитовна, мектеп Ұланы және «Жас Ұлан» ұйымының белсенді мүшелері қабылдады.