18.12-24.12 күндер аралығында гимназияда математика, физика, информатика пәндер бірлестігінің апталығы өтті. Апталық барысында физика және математика пәндерінен ашық сабақтар, сонымен қатар, көптеген қызықты зияткерлік ойындар өткізілді. Физика пәнінен 8 сыныптар аралығында «Не? Қашан? Қайда?» ойыны өткізілді. Сұрақтарды дайындаған олимпиада мен ғылыми жобалардың жеңімпаздары, ұстаздар, мектеп бітіріп кеткен түлектер. Ойынның жеңімпазы 8а сынып оқушысы Галиева Камила атанды. Математикадан «Өз ойыным» сайысында 1 орынға иеленген 7А сынып оқушысы Қуатбек А., 2 орында 8Ә сыныбынан Боранбаева А., 3 орында 8 Ә сыныбынан Жакенова Д. Информатикадан «Инфобілгіштер» және «Графика білімпаздары» зияткерлік ойындары жоғары деңгейде өтті. «Инфобілгіштер» сайысында таныстыру, ғажайып алаң, логика әлемі, санау жүйесі, бағдарламалау әлемі кезеңдері тартымды ойластырылған. 8А сыныбының «Тапқырлар» және «Аpple» екі тобы білім сынасып, «Аpple» тобы жеңіске жетті. «Графика білімпаздары» зияткерлік ойыны келесі кезеңдерден тұрды: кім көп біледі, мақал-сөз мәйегі, қас-қағым сәт, топ басшылар сайысы, бәрін білгім келеді, лингвист, қошемет. Ойынның әр кезеңіндегі тапсырмалар оқушыларды әр түрлі іс әрекетке жетеледі. Сайыстың қорытындысы бойынша 6А сыныбының «Windows» және 6Ә сыныбының «Процессор» тобының білімдері тең түсті.
Бірлестік жетекшісі: Алькеева З.Б.