Гимназияда 6 қаңтар күні «Жол ережесін білейік» атты 1-4 сыныптар арасында сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Сайыстың мақсаты оқушылардың жолда жүру ережесін білу және оны күнделікті сақтауға үйрету. Шара екі топтың сайысы түрінде өткізілді. 1-4 сынып оқушыларынан құралған топтар өз топтарының аты, ұраны, сәлемдемесімен таныстырудан бастады. Сайыс 5 кезеңнен тұрды: 1-кезеңде қатысушылар жол белгілерінің мағынасын ашты. Екі топ кезектесіп ақылдаса отырып көрсетілген жол белгілерінің атауын айтып берді. 2-кезеңде велосипед, самокатпен жаяу жүргінші, бағдаршам белгілерін сақтай отырып, белгіленген маршрут бойынша жүріп өтті. Бұл маршрутты жүру барысында оқушылар жол ережесін бұзбауы және белгіленген маршруттан ауытқымауы керек еді. 3-кезеңде жол белгілерінің атауына сәйкес маркерлік тақтаға суреттерін салды.Ол белгілер атауы:жанармай құю станциясы, машинамен кіруге тыйым салынады, жаяу жүргіншілер жолы, жылдамдықты 40 км сағаттан асырмау. 4-кезеңде оқушылар ғаламтордағы жол қауіпсіздігі комитеті сайтында берілген «Жол жүру әліппесі» онлайн ойыны арқылы түрлі сұрақтарға жауап беріп, өздерінің жол ережесін туралы білімдерін пысықтады. 5-кезеңде қатысушылар «Тоқта, жүргінші жолы, велосипедпен жүруге тыйым салынады,автокөлікке жол жоқ жол» атты белгілерді себеттен жүгіріп алып келіп, тақтаға құрастырды. Құрастырған белгілердің нені білдіретінін әр топ түсіндіріп өтті. Сайыс соңында әділқазылар алқасы жеңімпаздарды мадақтамамен және әр қатысушыларды «Жол ережесінің үздік білгіші» төсбелгісімен марапаттады.
Жол жүру ережесін білейік!