2014 жылғы қаңтар айының 8-і мен 10-ы аралығында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті негізінде 15 пән бойынша жалпы орта білім беретін оқу орындарының 9-11 сынып оқушылары арасында облыстық пән олимпиадасы өткізілді. Облыстық пән олимпиадасына гимназиядан 22 оқушы қатысып, 6 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Орыс тілі пәнінен 10 сынып оқушысы Қайыржанова А. мен қазақ тілі пәнінен 10 сынып оқушысы Дулатова Н. І орынды, биология пәнінен 9 сынып оқушысы Ермек Ә. ІІ орынды, қазақ тілі пәнінен 9 сынып оқушысы Ибрайкина А., орыс тілі пәнінен 11 сынып оқушысы Шаймерден Ә., тарих пәнінен 11 сынып оқушысы Ибраева С. ІІІ орынды иеленді. Оқушыларды және оларды олимпиадаға дайындаған ұстаздар Тулеубаева К.Б., Шапауова Ә.С., Мұханова Ү.К., Ибраева Б.Ш., Дүйсембаев Ә.К., жеңістерімен құттықтаймыз.
Республикалық олимпиадасының 52-ші облыстық кезеңінің қорытындысы