Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Виртуальная приемная
Заданно вопросов: 24
Новых вопросов: 0
Задать вопрос
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Голосовать
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Всего проголосовало: 1208
Смотреть результат
Сынып сағаттарының өтілу сапасы, ата-аналармен ақпараттық жұмыс бағыты. Директордың тәрбие  жөніндегі орынбасары Г.А. БАКИРБЕКОВА
27-01-2014 12:00
 
Сыныптан тыс шараларының жүзеге асыратын басты 3 мақсаты:
 
- Танымдық мақсат (нені үйретемін?)
- Бағыттаушы мақсат (нені дамытамын?)
- Қалыптастырушы мақсат  (нені қалыптастырамын?)

 

Сынып сағаттарын өткізу барысында жиі кездесетін қателіктер

1.    Шараны  өткізу барысында  тапсырмаларды тек өз пәнінің төңірегінде дайындайды. Пәннің басқа да саламен байланысы мүлде қарастырылмайды.

Мысалы: қазақ тілінен ХХІ ғасыр көшбасшысы ойынында тек қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты сұрақтар мен тапсырмалар қарастырылған.

2.    Шара барысында жағымды эмоционалдық жағдай туғызу, соған әрекет ету сирек кездеседі.

Мысалы: сайыс кезінде  кезеңдер арасында, жеңіске жеткенде, тапсырма орындау барысында музыка, сурет, бейнефильм қолдану.   Интербелсенді әдістерді қолдану. Патриоттық бағыттағы шара болса, рухты көтеретін әндер, үзінділер  тыңдату т.б.

3.  Кейбір тапсырмалардың оқушы қиялының дамуын шектеуі.

Мысалы: «Болашақта қандай мектепте оқығың келеді?» тақырыбында жоба-үлгі қорғау тапсырмасын 1 түсті маркермен орындау.

4. Оқушылардың жасына байланысты ерекшеліктерді ескермеу, не білмеу.

5. Оқушылардың дайындап келген ақпараты қызықсыз, жаттанды, сол күйінде, кейде өте үлкен көлемде, тақтада ұсақ жазумен басқа оқушыларға таныстырылады.

6. Шараны ұйымдастыру барысында  интерактивті тақта арқылы тапсырманы қосуға не т.б.  қосымша құралдарды қолдануға  алаңдау.

Компьютерге қарап тұрып, теріс сөйлеу.

Тақтадағы мәліметтердің өте ұсақ жазылуы, көрінбеуі.