Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
Гимназия мен балабақша арасындағы сабақтастық
28-01-2014 10:18
Гимназия мен балабақша арасындағы сабақтастық

24 қаңтар күні 2014 жылы Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясында «Гимназия және балабақша арасындағы үйлесімділік» тақырыбында  бастауыш сынып мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілері, әдіскерлеріне арналған  семинарлар өткізілді.

Семинардың мақсаты – бірінші сынып оқушыларының мектептегі оқуға бейімделу жағдайы мен даму деңгейін анықтау, бейімделудегі кездесетін қиыншылықтар және оның алдын алу. Семинарға қалалық білім бөлімінен Зайра Галмухановна Абдрахманова, жалпы орта білім беретін №1, №2 орта мектептердегі шағын орталықтардың, «Балапан», «Балдырған», «Айгөлек», С.Торайғыров атындағы №12, №18 балабақша тәрбиешілері мен №2 орта мектептің шағын орталығының, «Балапан», №18 балабақша әдіскерлері мен «Айгөлек» балабақшасының педагог-психологі, «Балдырған» балабақшасының ағылшын тілі мұғалімі қатынасты. Гимназия директоры Мария Абдукадирқызы Касенова қатысушы мұғалімдерді семинардың жұмыс жоспарымен, күн тәртібінде қаралатын сұрақтармен таныстырды. Семинарда «Санды бірнеше бірлікке арттыруға және кемітуге берілген есептерді шығару» тақырыбымен математика сабағын Ақмарал Имантахуқызы Аубакирова, «Eddie Elephant» тақырыбында Ботагөз Болатқызы Уажанова, «There is/ Tiere are» тақырыбымен Сания Акашовна Сабиганова ағылшын тілінен І, ІІ топтарда ашық сабақтар көрсетті. Семинар қатысушы тәрбиешілер, мұғалімдерге «Мектепке дейінгі тәрбие мен мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын іске асыру – тұлғаның әлеуметтік табыстылығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің жолы» тақырыбында гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Сайран Сағатқызы Джамалбаева баяндама жасады. Баяндамашы «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекетті жалпыға міндетті білім беру стандартын» бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысы негізінде мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілері мен білім алушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарына ерекше мән беріп, бақшадан мектепке келетін баланың бойындағы тәрбиешілердің қалыптастыруға тиіс құзіреттіліктер презентациясы назарға ұсынылды. Сонымен қатар  1-сынып оқушыларының бақылау, жазба жұмыстарының қорытындылары бойынша гимназияға 1-сыныпқа қабылданған балабақша түлектерінің білім рейтингісін шығарды. Математикадан жақсы даярлықпен келген №1орта мектеп шағын орталығының, №18, №2 «Айгөлек» балабақшасының және тілдік бағытта жақсы даярлықпен тәрбиеленген №18, №2, «Балдырған» балабақшаларының түлектері атап өтіліп, оларды даярлаған тәрбиешілер мен әдіскерлердің еңбектеріне гимназия ұжымы атынан алғысын білдірді. Гимназия психологі Орынбасар Құрманбекқызы Байманкулова 1-сынып оқушыларының жалпы даму көрсеткіштерімен таныстырды. Семинар соңында тәрбиешілер мен әдіскерлерге «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті стандартын» жүзеге асыруда тәрбиеленушілер мен білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды ерекше назарда ұстап, оларды орындау, «Жауқазын» олимпиадасының жүлдегерлерін гимназияға сынақсыз қабылданатыны жөнінде ескертілді.

Джамалбаева С.С.- гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары