Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1207
Нәтижені көру
Гимназияның жас тілшілерінің жетістігі
11-03-2013 11:31
 Гимназияның жас тілшілерінің жетістігі

24-27 наурыз (2011) аралығында Астана қаласында «Бақытты жұлдыз аясында» атты VII  Халықаралық балалар мен жастар бұқаралық ақпарат құралдарының жас тілшілер медиафестивалі өтті.Медиафестивальге гимназияның «Балауса» ақпарат орталығы бірінші рет қатысып қайтты. Фестиваль аясында  балаларға Республикалық журнал мен телеарналардың журналистері шеберлік кластарын, дәрістер өткізді. Балалар «Хабар», «Астана»,«КТК 7» телеарналарына экскурсияға барып, телеарнаның тыныс  тіршілігімен танысып, тілшілермен сұхбаттасты. Әсіресе есте қалғаны «Хабар» телеарнасы  жаңалықтарының жүргізуші Дианара Сәтжанмен болған кездесу.Сонымен қатар «Нұр Отан» ХДП орталық кеңесінде П.О.Казанцевпен ,жастар саясатының жанашыры Н.С. Өтешевпен кездесу болып,балалар еліміздегі жастар  саясаты,БАҚ дамуы туралы өздерін толғандыратын сауалдарды қою мүмкіндігін алды.Фестивальге қатысушылар байланыс және ақпарат министрлігінің өкілдерінен де шеберлік дәрістерін алып, БАҚ дамыту жолдарын игерді.

Фестивальдің ашылу салтанаты Л.Гумилев атындағы университетте өтті. Балалар «Күлтегін» мұжайын тамашалап,тарихымен танысты. Тағы бір есте қаларлық  жағдай тұңғыш президенттің мұражайымен танысу. Мұражайда елбасының жұмыс кабинеті,шетел өкілдерінен алған марапаттары сақталған, өмірбаянын бейнелетейтін арнайы залдар  бәрімізге үлкен әсер қалдырып, елімізге деген мақтанышымызды арттырды.

Фестивальге қатысқан әр орталық көрмеде өздері шығаратын мектепішілік газеттерін ,шығармашылық жұмыстарын қорғады. Редакцияға бөлінген оқушылар фестиваль аясындағы жеке газетін шығарып,бейнеклипін түсіріп, «Үздік сұрақ», «Үздік мақала» «Үздік фото» сияқты сайыстарға қатысты.

Фестиваль қортындысы бойынша гимназияның «Балауса» орталығы  «Ақпараттық дебют» атты номинацияда Лауреат дипломымен және грамотамен марапатталды.Ал қатысқан оқушылар дипломға және журналистика негіздері оқыту курсын өткені туралы сертификатқа ие болды.

Гимназия оқушыларының Халықаралық медиафестивальге қатысуына қаржылай көмек көрсеткен «Ақсу» балалар қорының төрайымы Г.Ұзақоваға  және лицей директоры Н.Жедеуоваға үлкен алғысымызды білдіре отырып, шығармашыл,дарынды оқушыларды қолдау жолында сәттілік тілейміз.

Гимназия директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Г.Бакирбекова