2014 жылдың 19 ақпан күні қалалық балалар шығармашылық үйінде мектеп тәлімгерлері арасында «Балалық шақтың капитаны» атты сайыс өтті. Сайыс тәлімгерлердің кәсіби деңгейін көтеру, тәлімгер мамандығының беделін арттыру үшін қолайлы жағдай жасау, оларды мадақтау, қоғамда тәлімгер мамандығы туралы оң көзқарас қалыптастыру мақсатында өткізілді. Сайысқа қаламыздың №1, №4, №8 мектептерінің тәлімгерлері және біздің гимназияның тәлімгері қатысты. Сайыс «Таныстыру» , «Экспромт» - «Педагогикалық жағдаятты шешу»,«Залмен ойын өткізу»,«Сыныптан тыс іс-шарадан үзінді көрсету»кезеңдерінен тұратын байқау сынына түскен тәлімгерлер кәсіби біліктіліктерін танытты. Гимназия оқушылары «Екілік патшалығында» атты көрініс көрсетіп, оқушыларды жақсы білім алып, алғыр оқушы болуға шақырды. Қойылымда 6а сыныбының оқушылары өздерінің шеберліктері мен әртістік қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете білді. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдеге гимназия тәлімгері Жаксыбекова Меруерт Жеңізқызы ие болды. Меруерт Жеңісқызын құттықтаймыз!
Ең үздік тәлімгер - ГИМНАЗИЯДА!