2014 жылдың 22 ақпан күні дәстүрге айналған салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 5-7 сыныптар арасында «Денін сау болған керемет» атты спорттық – танымдық жарыс өтті.Жарысқа 6 команда қатысты. Олар 5 «а» сыныбы «Дәрумендер» тобы, 5 «ә» сыныбы «Жас спортшылар» тобы, 6 «а» сыныбы «Super hils» тобы, 6 «ә» сыныбы«Қырандар» тобы, 7 «а» сыныбы «Болашақ» тобы, 7 «ә»сыныбы «ДСТС» тобы
Жарыс 4 кезеңнен құралды:
Бірінші кезең - таныстыру. Бұл кезеңде әр топ топтың атын, ұранын, төс белгілерін қорғап, топтық қимыл арқылы сахнада өнерлерін көрсетті.
Екінші Көрініс кезеңінде әр топ зиянды әдеттердің алдын алу, тиімді тамақтануға бағытталған тақырыптық қойылымдар көрсетті.
Үшінші кезеңде «Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде» тақырыбында салауатты өмір салты,зиянды әдеттердің алдын алу, жұқпалы аурулардан сақтану бағытындағы сұрақтарға жауап берді.
Төртінші кезеңде Крокодил ойыны өткізілді. Әр топ өздеріне жасырылған сөзді ыммен, қимылмен ғана түсіндіру қажет болды.
Жарысты төмендегі әділ қазылар саралап, әділ бағасын берді:
Г.А.Бақырбекова – директордың тәрбие жөніндегі орынбасары,
М.К.Мұңсызова - қалалық емхананың СӨС кабинетінің меңгерушісі,
Т.К.Макшарова - гимназияның медбибісі .Ойынды әділ бағалап, командалар мынадай нәтижелерге жетті: І орынды 6»ә» «Қырандар» тобы, ІІ орынды 7 «ә» «ДСТС» тобы, ІІІ орынды 7»а» «Болашақ» тобы иеленді. Қалған командалар «Ең бенлсенді команда», «Ең зерек команда», «Ең талапкер команда» номинацияларына ие болды. Жарыс соңында оқушылар үшін флешмоб ұйымдастырылды.
Оқушылар өздерін сайыста белсенді көрсетіп, салауатты өмір салтын сақтаудың маңызын жете түсінді.
СӨС координаторы: Мухитова Айсұлу