5-6 сыныптар арасындағы ІІ облыстық кешенді олимпиада
2014 жылғы 25 ақпан күні 5-6 сынып оқушылары арасында өткізілген ІІ облыстық кешенді олимпиадасында 6ә-сынып оқушысы Таукенов Расул ІІ орынға ие болды. Олимпиаданың қатысушылары жаратылыстану-ғылыми және математика бағыттары бойынша тапсырмалар орындады. Жеңіске жеткен Расулды құттықтаймыз! Расулды олимпиадаға дайындаған математика пәнінің мұғалімі Муканова Бақытгүл Кадырқызына, биология пәнінің мұғалімі Ерхасова Қанипа Боранбайқызына және Қыдралин Қуаныш Төлегенұлына алғысымызды білдеріміз.