
2013 жылы 4-9 ақпан аралығында гимназияда мектепішілік дәстүрлі Мұқағали оқулары апталығы өтті. Осы орайда 4 ақпанда мектеп кітапханасында мәнерлеп оқу байқауы өткізіліп, байқауға 21 оқушы өтініш білдірсе, 7 ақпан күні ақынның сөзіне жазылған әндерді орындау байқауы өткізілді. 9 ақпан күні «Таң қалма, Мұқағали заңғарға» атты қорытынды кешпен жалғасын тауып, мәнерлеп оқу, ән байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Шынында Мұқағали Мақатаевтың лирикалық поэзиясы – заманымыздың кешегі де, бүгінгі де талаптарымен үндесе, күбірлесе, ымдаса, жымдаса алған өршіл де дауылды жыр үлгісі. Оның сырлы да мұңлы, нұрлы, өршіл жырларынан қуат алып, сусындамаған қазақ баласы кемде-кем. Ақиық ақынның сексен екі жылдығын жұрт болып жоғары деңгейді тойлау – бүкіл қазақтың азаматтығына сын!