Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
Сүйікті нәзік жандылар қауымын мерекелерімен құттықтаймыз!
07-03-2014 12:33
Сүйікті нәзік жандылар қауымын мерекелерімен құттықтаймыз!

Мектебіміздегі сүйікті нәзік жандылар қауымын шын жүректен мерекелерімен құттықтаймыз! Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жемісті еңбек және баянды бақыт тілейміз. Көгінде бейбітшілік көгершіні шарықтап, мамыражай, әдемі, жанға жайлы ашық Күндері шалқып тұрсын! 

Гимназияда  8-наурыз  Халықаралық  әйелдер  мерекесі  аясында «Асыл әже, аяулы ана» атты мерекелік кеш өтті. Бұл  кешке барлық гимназиямыздың нәзік жанды арулары қатысты. Бастауыш сыныптарында «Қылқалам» сайысы ұйымдастырылды. Сайыстың кезеңдері: Суреттер сайысы, Ашық хат және Қол өнері. Барлық сыныптар сайысқа белсенді қатысты. Сайыс  қорытындысы бойынша келесі орындар берілді:

Суреттер сайысында: І орын Сыздыкова Дильназ 4ә-сынып оқушысы

                                      ІІ орын Маутхан Ильяс 2а-сынып оқушысы

                                      ІІІ орын Кабдиев Ислам

Ашық хат сайысында: І орын 2ә-сыныбы

                                       ІІ-орын 4а- сыныбы

                                       ІІІ-орын 2а-сыныбы

Қолөнер туындысы:   І орын Дүйсекен Арайлым 2ә-сынып оқушысы

                                     ІІ орын Айтжан Ислам 2ә-сынып оқушысы

                                     ІІІ орын Такаранова Алуа 4ә-сынып  оқушысы.

Жоғары сынып оқушылар мереке аясында барлық әйелдер қауымын гүл шоқтарымен қарсы алып, құттықтады. Мерекеміз концерттік кешпен жалғасын тапты.Оқушылар өздерінің әсем әндерімен, билерімен  өз өнерлерін көрсете білді.