«Мектеп мәдениеті» тақырыбында коучинг өткізілді
10 наурыз күні "Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының тыңдаушысы, мектебіміздің директоры Касенова Мария Абдукадировна «Мектеп мәдениеті» тақырыбында коучинг өткізді. Мәдениет тек жоғары басшылықтың ойында ғана емес, барлық қызметкерлердің ойында болады. Коучинг мақсаты: бірдей деңгейде қалаулы екі балама арасында міндетті түрде біреуін таңдау керек болған жағдайда, шешім мәдениеттің пайдасына шешілуі тиіс деген ой. «Мектеп мәдениетінің өлшемі» атты жаттығу орындалды. Бұл идеалдағы мәдениет пен қазіргі қолданыстағы мәдениетті де түсіндірудің маңызды құралы болып табылады. Ұстаздардың формативті бағалауы арқылы инновацияға деген құлшыныстары байқалды.