«Бағалау дегеніміз не? Жиынтық бағалау туралы сыни тұрғыдан ойлау» атты коучингі
2014 жылдың 11 наурыз күні Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру І деңгейлі курсының сертификат иегері, физика пәнінің мұғалімі Кабылбекова Алмагуль Серикбаевна «Бағалау дегеніміз не? Жиынтық бағалау туралы сыни тұрғыдан ойлау» атты коучингін өткізді. Коучинг барысында мұғалімдер бағалаудың түрлері туралы мәліметті өздігінен топтық жұмыс арқылы алып практикалық қорғауын жасады. Коучингте қолданылған формативті бағалаудың түрлері мұғалімдердің өз іс-тәжірибесіне мол азық боларына сенеміз.