10.03-15.03 күндер аралығында Эстетикалық бағыттағы пәндер бірлестігінің «Болашаққа – білімді, дені сау ұрпақ» атты апталығыөткізіледі. Апталық аясында наурыздың 12-шіжұлдызында 2-3 сынаптар арасында «Әкем, анам және мен» отбасылық туризмжарысы өтті. Сайысқа 8 отбасы қатысты. Сайысқа әділ баға беруші қазылар алқасы құрамында мектебіміздің психологы Умирбекова Орынбасар Құрманбековна, география мұғалімі Қыдыралин Қуаныш Төлегенович, медбибі Мақшарова Тоған Құрмангалиевна
дене шынықтыру ұйым комитетінің мүшесі бұқаралық іс шаралар төрағасы 11-сынып оқушысы - Рамазан Дархан болды. Сайыс жеті ойын кезеңінен құрылып, «Айгөлек» би тобының қатысушыларға арнап би биледі. Әр сайысқа ойыншылар ынта-жігермен қатысып, шеберлікпен тапсырмаларды орындап отырды. Сайыс өте қызықты, тартамды, қызуқанды өтті. Жалпы мұндай іс-шараның өтілуі мектебімізде жыл сайын дәстүрге айналды. Сайыстың мақсаты – ата-аналармен мектеп арасындағы байланысты нығайту және шыныққан, біліміді, жігерлі, салауатты өмір салтын ұстанатын ұрпақ тәрбиелеу. Сайыстың қорытындысы бойынша «Шымыр» тобы Алимжановтар отбасы І орынға, «Тұлпарлар» тобы Бүркітбаевтар отбасы ІІ орынға, «Достық» тобы Алимжановтар ІІІ орынға ие болды. «Қырандар» Агибаевтар, «Жұлдыздар» Кабдиевтар, «Шымыр» Тоқтасиндар отбасы, «Сұңқарлар» Қожабергеновтар, «Алғырлар» Жанибек отбасы белсенділік танытқаны үшін мақтау қағазымен марапатталды.