«Болашаққа - білімді, дені сау ұрпақ »
Салауатты өмір салтын насихаттау, қоғамға лайықты нағыз тұлға тәрбиелеу, оқушылардың денсаулығын нығайту, дені сау ұрпақ тәрбиелеу мақсатында гимназияда наурыз айының 10-ы мен 15-і аралығында эстеттер бірлестігінің «Болашаққа – білімді, дені сау ұрпақ» атты апталығы өткізілді. Апталық барысында дене шынықтыру, ырғақ және АӘД пәндері бойынша ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. «Әке, анам және мен» атты туристік отбасылық жарыс, туризм оқу жаттығулары, «Шынықсаң шымыр боласын» атты суреттер сайысы, АӘД пәні бойынша АК-74 жартылай бұзып- жинау, нысанаға оқ ату, кермеде тартылу, газ тұрымдығын уақытқа кию, пионербол элементі бар волейбол ойыны, баскетбол ойыны өткізілді. Өткізілген іс-шараларға қатысқан және жүлделі орындарға қол жеткізген оқушылар мадақтамалармен марапатталды. Апталық барысында оқушылар жоғары қызығушылық танытып, белсенді қатысты.