«Оқушының оқу жетістігін бағалау критерийлері» атты коучингі
2014 жылдың 18наурыз күні Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ІІ деңгейлі курсының сертификат иегері, информатика пәнінің мұғалімі Баядилова Асем Канатовна «Оқушының оқу жетістігін бағалау критерийлері» атты коучингін өткізді. Коучинг барысында мұғалімдер бағалаудың критерийлері: дескриптор, критерий, рубрикатор туралы толық мәлімет алып, оны іс-жүзінде қолдануды үйренді.