«Тіл – барлық білімнің кілті» атты қалалық байқау
2014 жылы 27 наурыз күні Ақсу қаласының Мәденит және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ жастары арасында орыс тілі білгірлерінің «Тіл – барлық білімнің кілті» атты қалалық байқау өтті. Байқаудың қорытындысы бойынша гимназияның 10-сынып оқушысы Баяманова Гульден І орынға, 8ә-сынып оқушысы Жакенова Дария ІІІ орынға ие болды.
Мәденит және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н.Ж. Байбәкіров, гимназияның директоры М.А. Касеноваға және пән мұғалімдері К.Б. Тулеубаеваға, Қ.М. Ибрайкинаға өңірлік байқауларға белсенді қатысып, жастарды тәрбиелеу ісіндегі еңбектері үшін алғысын білдірді.