Гимназияда 8 -наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі аясында «Асыл әже мен сүйкімді немере» сайысы өтті. Бұл сайысқа бастауыш сынып оқушылары әжелерімен бірге 8 жұп қатысты. Сайыстың мақсаты: қазақ халқының әдеп- ғұрыптары мен ұлттық құндылықтарын насихаттау және әжелердің өнегесін кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдыру. Әжелеріміздің барлығы ұл, қыз өсірген, немере, шөбере сүйген, өз отбастарының ұйытқысы болып отырған абзал жандар. Әжелердің өнерін арнайы құрылған қазылар алқасы бағалап отырды. Байқау шарты бойынша алдымен әр жұп көрермендерге өздерін таныстырды. Ақ жаулықты әжелердің мәнерлеп оқыған өлеңдері мен ырғағына салып айтқан әндері,немерелердің мың билеген билері келген қонақтар мен ата-аналарды толқытпай қоймады. Ұлттық тағамдар мен салт-дәстүрлерді білуден сынға түсіріп, көнеріп бара жатқан дәстүрлерді жастарға насихаттады. Сынға түскен әжелеріміздің зейнеткер жасына келгенмен,өмірге деген көзқарастарының жан- жақтылығы байқалды. Сайыстың соңында әжелер мен немерелері түрлі номинациялар бойынша марапатталып, бағалы сыйлықтар алды.Бас жүлдеге иеленіп, «Данышпан әже,сүйкімді немере" номинациясына 81 жастағы Шаханова Құсный Шаханқызы немересі Мубаракова Данэля иеленді. Сынып атынан асыл әжемізді, өнерлі оқушымызды шын жүректен құттықтай отырып мықты денсаулық, ұзақ өмір, өнерлеріңіз алға басын деп тілейміз. Осындай тәрбиелік мәні бар сайыстар үнемі болып тұрса, оқушылар халқымыздың асыл мұрасын жадына сақтауына мүмкіндік мол болатынына кәміл сенемін.
Бастауыш сынып мұғалімі: Ахметова Меруерт Әйтімқызы