Информатика пәні бойынша облыстық олимпиада өтті
26-31 наурыз аралығында Павлодар облысы білім беру басқармасы мен облыстық ақпараттық технологиялар орталығы ұйымдастырған 6-9 сынып оқушылары арасында информатика пәні бойынша облыстық олимпиада өтті. Гимназиядан І іріктеу кезеңіне 4 оқушы қатысып, сертификатқа ие болды. Олардың ішінде 8ә-сынып оқушысы Темергалинов Қаиржан ІІ ақтық кезеңге өтіп, олипиадаға қатысып келді. Мұғалімі Баядилова Асем Канатовна.