«Ғасыр данасы» атты апталығы
Гимназияда дәстүрлі түрде өтетін Қаныш Имантайүлы Сәтбаевтың туғанына 115 жыл толуына орай «Ғасыр данасы» атты апталығы басталды. Апталықтың барысында 8 сәуір күні география пәнінің мұғалімі Кыдралин Қуаныш Төлегенұлы 9-10 сыныптар арасында мектепішілік «Титандар айқасы» атты интеллектуалдық ойын өткізді. Ойынның барысында оқушылар географиядан алған білімін көрсетіп, танымал геолог Қ.И.Сәтбаевтың өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап берді. Оқушылар арасында өздерінің білімдері мен шапшандылығын көрсете білген 9-сынып оқушысы Асқарбек Әділ және 10-сынып оқушысы Успанова Айгерім. Ойының қорытындысы бойынша 9-сынып оқушыларының тобы жеңімпаз атанды.