14 сәуір күні қалалық Балалар шығармашылық үйінде «Кішкентай Мисс және Мистер - 2014» сайысы өтті. Сайыстың ережесі бойынша қатысушылар өздерін таныстырып, қыздар табиғи материалдардан киім үлгісін дайындады, ал ұлдар «Өскенде мен қандай мамандық иесі боламын?» тақырыбында түсірілген бейнежазбаны ұсынды. Сонымен қатар бүлдіршіндеріміздің әр қайысысы өз өнерлерін паш етті. Сайысқа гимназияның 1-сынып оқушысы Олжабаева Аяла мен 2а-сынып оқушысы Алимжанов Әлібек қатысқан еді. Біздің оқушылар өз өнерлерін жоғары дәрежеде көрсете білді. Сайыстың қорытындысы бойынша Олжабаева Аяла «Гран-при» жүлдесіне ие болып, «Ақсудың кішкентай ханшайымы» атанды, ал Алимжанов Әлібек «Мистер талант» номинациясымен марапатталды. Сайыска оқушыларды дайындаған сынып жетекшілері Аубакирова Акмарал Имантахуовнаға, Аманжолова Сауле Галиевнаға, музыка мұғалімі Омаргалиева Әсемгүл Қаршығақызына және ырғақ мұғалімі Зембаева Динара Негматулловнаға алғысымызды білдіреміз. Ал қатысушыларға өнерлерің өркендей берсін демекпіз.
«Кішкентай Мисс және Мистер - 2014»