«Жас Ұлан» ұйымына қабылдау салтанаты
29-сәуір күні гимназияда «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау салтанаты болып өтті. «Жас Ұлан» ұйымынының қатарына 20 оқушы қабылданды. «Жас Ұлан» республикалық ұйымының қатарына оқушыларды қабылдау рәсімін өткізу қадірлі қонақтарымызға және осы ұйымның белсенді мүшелеріне берілді. «Жас Ұлан» қатарына өткен балаларды гимназия директоры Касенова Мария Абдықадырқызы құттықтады. Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің атынан салтанатты Ант беру құрметіне 5а сынып оқушысы Казбеков Мұхаметжан мен 2а сынып оқушысы Бакибаева Айжан ие болды.