«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы

2014 жылғы 3-5 мамыр аралығында Щучинск қаласының «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы өтті. Педагогикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне Павлодар облысынан облыстық деңгейде 11 жүлдегерлері, жас педагогтар мен психологтар қатысты. Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша гимназия мұғалімі Сыздыков Азамат Жанайдарұлы ІІІ орынға ие болып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің дипломымен марапатталды. Азамат Жанайдарұлын жеңісімен құттықтаймыз!