«Дарындыға дархан жол» атты шығармашылық кеш

20 мамыр күні гимназияның мәжіліс залында дәстүрлі «Дарындыға дархан жол» атты шығармашылық кеш өткізілді. Кеште гимназияның жұлдыздары және Халықаралық, Республикалық байқауларының жеңімпазы «Айгөлек» би ансамбілі өз өнерлерін паш етті. Жыл сайын, өзінің білімі мен шығармашылығы, ақылы мен парасаты арқасында, топты жарып шығып, биіктен көрінген, дарынды оқушыларымызды марапаттау дәстүрге айналды. Осы оқу жылы да өзінің білімі мен шығармашылығы арқасында гимназияның намысын биік ұстап, білім бәйгелерінен озып шыққан жұлдызды 24 оқушыларымыз да марапатталды. Соның ішінде «Жыл оқушысы» болып Республикалық пән олимпиадасының екі дүркін Алтын медаль иегері 10-сынып оқушысы Қайыржанова Әдия атанды.