Облыстық «Жобалар шеруі - 2014» сайысының қорытындысы

2014 жылдың мамыр айында М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының негізінде «Жас ұлан» облыстық балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық біллестігі ұйымдастырған облыстық «Жобалар шеруі - 2014» сайысының 2-ші кезеңі өткізілді. Екінші кезеңге Ақсу, Павлодар, Екібастұз қалалары мен Ақтоғай, Қашыр, Шарбақты аудандарының қатысушылары өтті. Сайыстың қорытындысы бойынша гимназияның 9-сынып оқушылары Ермек Әділет пен Қабылбекова Айымның «Жергілікті агрокешенді дамытуға арналған тиімді бизнес жоба» жұмыстары ІІ орынға (жетекшісі Муханова У.К.), 10-сынып оқушысы Каиржанова Адия (жетекшісі Альдекенова А.Т.) «Отан» номинациясына ие болды. Жүлдегерлерді құттықтаймыз!