
2014 жылдың 7.05-17.05 аралығында Ақтөбе қаласында «Қазхром» ТҰҚ АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының ұйымдастырумен «Айналайын - 2014» жас таланттар фестиваль-байқауы өтті. Осы байғауға Ақсу Ферроқорытпа зауытының намысын қорғау үшін гимназияның «Айгөлек» би тобы қатысқан. Біздің бүлдіршіндеріміз хореография номинациясы бойынша жүлделі І орынға иеленді. «Айгөлек» би тобының жетекшісі Динара Нигматулловнаға белсене қатысқаны және жас дарындардың дамуына шығармашылық үлес қосқаны үшін Алғыс хат берілді. Барыпқайту жол шығының Ақсу Ферроқорытпа зауыты көтерді. Оқушылар үшін Астана қаласы бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Сонымен қатар, балалар ойын сауықтыру кешендеріне, кинотеатрға барды. Осы байқаудан балалар керемет әсер алып қайтты. Бүлдіршіндерімізге және олардың жетекшісі Д.Н. Зембаеваға шығармашылық табыс тілейміз. Құттықтаймыз!