
2014 жылдың 25 мамыр күні гимназияда оқу жылының аяқталуына орай “Сыңғырла тағы да, соңғы қоңырау” атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға қалалық маслихат хатшысы Омаргалиев Мәдениет Қабылдаұлы, ардагер ұстазымыз Сламбекова Рымкеш Хамитқызы, оқушылар, ұстаздар, ата-аналар қатысты. Мектеп директоры Мария Абдуқадырқызы оқушылар мен ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, ақ тілегін жеткізді. Келген қонақтар ұжымды, түлектермізді, ата-аналар мен оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Биылғы оқу жылында 11-сыныпты 20 оқушы бітіреді. Түлектеріміздің алғашқы мұғалімі Ахметова Меруерт Айтымовна, сынып жетекшісі Абылгазина Эльмира Турагуловна да түлектерге өз тілектерін білдірді. Ал 11-сынып оқушылары болса, өздерінің кішкентай ізбасарлары 1- сынып оқушыларына білімнің қайнар бұлағы энциклопедияны сыйға тартса, 11 жыл бойы білім нәрін берген ұстаздарына өздері шығарған өлең шумақтары мен гүл шоқтарын ұсынды. «Білім кілтін» 11-сынып оқушылары Садуов Еламан мен Шаймерден Әсия 10-сынып оқушылары Қабылда Әлібек пен Қайыржанова Адияға табыс етті. Салтанатты жиын түлектеріміздің әсем вальсімен, ата-аналардың ізгі ниетімен жалғасты. Қоңырау соғу рәсімі облыстық ғылыми жобалалар сайысының жүлдегері, «Инновациялық Павлодар -2014» инновациялық жобалар сайысының жеңімпазы және ИнЕУ-де оқу грантының иегері 11- сынып оқушысы Тлеумов Даниял мен оқу үздігі 1-сынып оқушысы Олжабаева Аялаға берілді. Салтанатты жиыннан соң түлектеріміз әсем шарларды көкке самғатты.