Балдәурен - 2014

1-маусымнан бастап гимназияда «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын батады. Сауықтыру лагері екі ауысымда жұмыс жасайды. І ауысым 1.06-20.06, ІІ ауысым 23.06-11.06 аралығында жұмыс істейді. І мауысымда 1-4 сыныптар арасында 75 оқушы, яғни 3 топ жұмыс жасайды. Әр топтың аты, ұраны таңдалды және жетекшісі тағайындалды. Оқушылар 9.00-17.00 дейін үш мезгіл ыстық тамақпен қамтылады. Лагерьдің жұмыс барысында Балалар шығармашылық үйімен, жас натуралистер станциясымен, өлкетану мұражайымен тығыз байланыс жасау, танымжорықтар ұйымдастыру көзделіп отыр. Оқушы бойында ұйымдастырушылық, белсенділік, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында мәдени-танымдық, зияткерлік іс-шаралар өткізіледі.
Аға тәлімгері: М. Жаксыбекова