Қазақстандағы әрбір 6-7 жасқа толған бала мектепке баруы қажет. Бірақ мектеп құралдары ( дәптер, қалам, сөмке т.б) мен киім-кешекке қаражаттың болмауынан аз қамтамасыз етілген отбасындағы балалар мектепке бара алмайды.
Сол себептен республикамызда 1-тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» акциясы өткізілуде. Оның мақсаты оқумен қамтылмаған оқушыларды анықтап, оларға мектепке дайындалуға көмек көрсету. Аз қамтамасыз етілген отбасы балалары мен жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік, материалдық көмектесу.
Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, оқушылар!
Барлықтарыңызды «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуға шақырамыз:
- Әрқайсымыз мұқтаж баланың мектепке баруына көмектесе аламыз.
- Жақсылық жасауға, адамгершілік іс жасауға асығайық!
- Қол ұшын беруге дайын азаматтар ақпаратты мына телефондар арқылы ала алады: 6-42-94, 5-02-80, 5-10-35.