1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізілуде. Оның мақсаты – әлеуметтік көмекті қажет ететін аз қамтамасыз және көп балалы отбасыларға әлеуметтік және қаржылай көмек көрсету. Біздің гимназиямыз да әрбір оқушыны оқу құралдары мен қажетті киім-кешекпен қамту мақсатында осы акцияға белсене қатысып, бірнеше шаралар атқарды. Ұжым мүшелері, түрлі кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерге акцияға қатысып, аз қамтамасыз етілген отбасыларға көмектесуге үндейтін, әрі акцияның мақсатын түсіндіретін қолдау хаттар таратты. Соның нәтижесінде «ЕЭК» АҚ 14 оқушыны спорт және мектеп формаларымен, қысқы киімдермен толық қамтыды. Балаларын мектепке дайындауға қомақты қаржы бөліп, көмектескендері үшін ата-аналар мен гимназия ұжымы «ЕЭК» АҚ Президенті А.А.Рустамбаевқа алғысын білдіреді.
гимназияның аға тәлімгері М.Жаксыбекова