Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
«Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер: диалогтік оқыту» тақырыбында коучинг өткізілді
15-09-2014 08:55
«Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер: диалогтік оқыту» тақырыбында коучинг өткізілді

12-қыркүйек күні мұғалімдердің 3 айлық кәсіби біліктілігін арттыру курсының бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасының тәжірибелік кезеңін өтіп жатқан менторларТулеубаева К.Б.және Муханова У.К. жоспарына сәйкес «Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер: диалогтік оқыту» тақырыбында Баядилова А.Қ.  және Атик Б.В коучтері коучинг сессиясын өткізді. Коучинг сергіту сәтімен басталып, мұғалімдер «Диалог» сөзіндегі әріптерге сәйкес берілген суреттер бойынша топтасты. Келесі кезеңде мұғалімдер коучинг мақсаты мен күтілетін нәтижені бейне көрініс арқылы анықтауға тырысты. Коучинг барысында топтар тақырып бойынша тапсырмаларды талқылап, оны постерге салды. Топ  жұмысын спикерлер «Аквариум» әдісі бойынша қорғады, жұмыстар формативті түрде бағаланды. Берілген диалогтік әңгіме бойынша, топ мүшелері оны рольдік ойын арқылы көрсетті. Кері байланыстан кейін мұғалімдерге жетістікке жету жолындағы ұстанымдар ұсынылды.  Коучинг соңындағы   рефлексия кезеңі «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы жүзеге асты.Коучинг сессия өткізу барысында тиімді әдіс-тәсілдер қолданылды. Мұғалімдер алға қойған мақсаттарына жете білді деген ойдамыз.