Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
«Тіл білгірі» зияткерлік сайысы
22-09-2014 09:36
«Тіл білгірі» зияткерлік сайысы

16.09.14 тілдер айлығы барысында Әскербек Құлтайұлының ұйымдастыруымен 9-сыныптар аралығында «Тіл білгірі» зияткерлік   сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты: ағылшын, орыс тілдері әлемдік тілдер қатарына жататындықтан жас шәкірттерге олардың маңыздылығын сезіндіру, ана тілінің қадір-қасиетіне, болашағына қамқор болып, дамыту үшін өз үлестерін қосуы керек екендігін ұғындыру, ағылшын тілі мемлекеттік білім беру стандарты бойынша алған білім деңгейін тексеру. Сайысқа әр сыныптан 3 оқушыдан 2 топ қатысты. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. 1-кезең «Сұрақ-жауап». Бұл кезеңде оқушылар әріптің артында жасырынған сұрақтарға жауап беру керек. 2-кезең «Жорға». Бұл турда сайыскерлер 1 минут ішінде 10 сұраққа жауап беру керек. 3-кезең «Жеті жұрттың тілін біл». Мұнда  мақал-мәтелдердің бір сөзі түсіп қалған, сол сөзді тауып, орыс тіліне, ағылшын тіліне аудару керек. 4-кезең «Ойлан, тап». Бұл кезеңде  қойылған сұрақтарға мақал-мәтелдермен жауап беру керек.  

Тапсырмалар оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, шапшаңдық дағдыларын қалыптастыруға және сайыскерлердің жас ерекшеліктеріне сай құрастырылған. Әр топ берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Сайыс қорытындысы бойынша 9а-сынып командасы өздерінің алғырлығымен   жеңіске жетті. Сайыс өз дәрежесінде өтті.