«1000 мақал, 101 жұмбақ» атты ойын-сайысы
17.09 күні тілдерайлығына орай оқушылардың тілге деген құрметін арттырып, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетінің сауаттылығын жетілдіріп, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында 3а және 3ә сыныптары арасында «1000 мақал, 101 жұмбақ» атты ойын-сайыс өткізілді. Сайыс «Тапқыр болсаң, тауып көр», «Ойлы болсаң, озып көр», «Жүйрік болсаң, шауып көр», «Кім тапқыр?», «Кім шапшаң?», «Шашылған сөздерден мақал құру», «Ұйқасын тап» атты кезеңдерден тұрды. Оқушылар барлық тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Тіл байлығымен ерекше көзге түскен Кабиденова Томирис, Қазтай Айшат, Серикпаева Камила, Мубаракова Данэля. Сайыс қорытындысы бойынша 3ә жеңіске жетті.