Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
Мәнерлеп оқу сайысы өткізілді
26-09-2014 11:23
Мәнерлеп оқу сайысы өткізілді

17.09 күні Тілдер мерекесі қарсаңында 3-10 сыныптар аралығында қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, қытай тілінде мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайысқа барлығы 24 оқушы қатысты. Сайыскерлер 10 балдық жүйемен бағаланды. Мәнерлеп оқу сайысының мақсаты: «Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді  аяққа баспай, мәртебесін биік ұстауға,  оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу».  Мәнерлеп оқу сайысында келесі шарттарға көңіл бөлінді: өзін сахнада дұрыс ұстау, өлеңді жатқа айту, өлеңнің сөздерінің түсінікті болуы, мәнері, дауыс ырғағы.

Аталған шарттар негізінде сайыс қорытындысы бойынша бастауыш сыныптар аралығында жүлделі орындарды келесі оқушылар иеленді: 3ә-сынып оқушысы Ералиева Ақбота өлең оқуда өзінің мәнерлілігімен көзге түсіп, ең жоғары ұпай алып, «Мәнерлеп оқудың жарқын жұлдызы» номинациясының иегері атанды. 1-орынды «Қазақстан Отаным» деген өлеңмен 3а-сынып оқушысы Бакибаева Айжан иеленсе,  2-орынды да осы сыныптың оқушылары Жанат Жанерке мен Серикбаева Камила ие болды. 3-орынды 4ә-сынып оқушысы Сабыржан Адина О.Асқардың «Ана тілі» деген өлеңімен иеленді.

5-10 сыныптар аралығында 6ә-сынып оқушысы Кунтаева Амина өлең оқу мәнерінің жоғары екенін көрсете отырып, «Мәнерлеп оқудың жарқын жұлдызы» номинациясын жеңіп алды. 1-орынға 5ә-сынып оқушысы Баяманова Аида, 2-орынға 5а-сынып оқушысы Успанова Аймира, 3-орынға 6ә-сынып оқушысы Гармаева Диляра мен 8-сынып оқушысы Замирбек Серікбол ие болды.