29.09.2014 жылы мұғалімдердің 3 айлық кәсіби біліктілігін арттыру курсының бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасының тәжірибелік кезеңінөтіп жатқан менторларТулеубаева К.Б.және Муханова У.К. «Сұрақтар қарым-қатынастың негізгі нысаны» тақырыбы бойынша коучинг сессиясын өткізді. Мақсаты: оқыту мен оқудағы жеті модуль аясында сұрақтарды дұрыс қоя білудің зерттеушілік әңгіме арқылы диалогқа түсудегі маңызын анықтау болды. Коучинг барысында бейне сюжет көрсетілді, сергіту сәтінде «Үйлер мен тұрғындар» ойыны ойнатылды. Тапсырма орындау барысында «Бауырсақ» ертегісі арқылы сұрақтарды Блум таксономиясындағы пирамидаға орналастыру ұсынылды. Қорғау кезінде «Аквариум», бағалау кезінде «Синквейн» әдістері қолданылды. Тақырып бойынша эссе жазу арқылы қорытынды жасалды, нәтижесінде мұғалімдер оқыту мен оқудағы жеті модулді ықпалдастыра отырып, ашық сұрақтардың зерттеушілік әңгімедегі тиімділігін анықтай білді.
«Сұрақтар қарым-қатынастың негізгі нысаны» тақырыбында коучинг өткізілді