Үздік педагог - 2014
2-ші қазан күні Астана қаласында Тәуелсіздік Сарайында Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі А.Б.Сәрінжіповтың қатысуымен Мұғалімдер Күніне орай өткен салтанатты рәсімде «Үздік педагог» атағына ие болған ұстаздардың есімдері аталды. Павлодар облысынан «Үздік педагог» атағына ие болған ұстаздарының бірі гимназияның физика пәнінің мұғалімі Кабылбекова Алмагуль Серикбаевна. Конкурс жеңімпаздары «Үздік ұстаз - 2014» төсбелгілерімен және 1 млн. 852 мың теңге сомадағы Сертификатпен марапатталды.Алмагуль Серикбаевнаны құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!