Қазанның 16-18 күндері аралығында гимназияда дәстүрлі «Алтын күз» мерекесі өтті. 5-7 сыныптар арасында «Жайдары күз, жарқын күз» мерекесіне оқушылар асқан шеберлікпен дайындалып келді. Әр сыныптан Күз ханшайымы мен ханзадасы жаңа стильде өздерін таныстырып түрлі кино, музыка жұлдыздары ретінде сахнаға шықты. Сондай-ақ әр сынып жеміс-жидектен, табиғи материалдан күздің ең үздік көрмесін ұйымдастырды. Әр сайысқа әділ баға беретін әділқазылар оқушылардың сахналық шеберлігін, жұптардың өз-өзін таныстыруын, сахна мәдениетін, костюмдерін әділ бақылап, жеңімпаздарды марапаттады.
Күз ханшайымы мен Күз ханзадасы атағына 5а-сынып оқушысы Успанова Аймира мен 7а-сынып оқушысы Жуматаев Тамерлан иеленді. «Үздік көрме» 6а-сыныбы, «Үздік пародия» номинациясына 7а сыныбы иеленді.
8-11 сыныптар арасында өткен «Алтын күз» мерекесінде 9а-сынып оқушылары жаңа ақпараттық технологиялар арқылы қыздармен танысудың жаңа үлгісін көрсетсе, 11-сыныптың жұбы бір-бірін өлең арқылы таныстырды, ал ең үздік болып танылған 10-сыныптың жұбы Әділет пен Жанель қазіргі кезде танымал боп кеткен Үнді сериалдарының кейіпкерлері ролінде өздерін таныстырды. Бұл жұп екеуінің танысуы махаббат хикаясы жөнінде кино түсірген. 1-4 сыныптар арасында 2-сынып оқушысы Олжабай Аяла Күз ханшайымы атағына иеленді. Күзгі еңбек туралы қойылымда ең үздік роль номинациясына Кукен Әбілмансұр ие болды. Табиғи материалдан поделка жасап 1орын алған – 2-сынып оқушысы Майданова Әдия.