4-11 қараша күзгі каникулда оқушыларды салауатты өмір салтына баулу мақсатында 6 қарашада «Денің сау болған керемет» атты денсаулық күні өтті. Осы күнге арнайы жоспар құрылып, 1-11 сыныптың оқушыларын көбірек қамтуға тырыстық. Денсаулық күні сап түзеуден басталды. Сыныптар арасында әр түрлі спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Атап кетсек, 8-11сыныптар арасында баскетбол, 5-11 сыныптар арасында тоғызқұмалақ, үстел теннисі 5-7 сыныптарда, 1-2 сыныптарда «Дәрумендер сыр шертеді» сынып сағаттары өтті. 5-6 сыныптар арасында волейбол элементтерімен пионербол ойыны ұйымдастырылды. 11-сынып және мектеп ұстаздары арасында достық кездесуі өтті. 2-4 сыныптарға арналған туристік көпсайыс ұйымдастырылды. Жарыстың мақсаты мектеп оқушылары арасында туризм спорт түрін кеңінен дамыту. Жарыс 6 кезеңнен тұрды:
1. Маятник
2. Төмпешік
3. Шатасқан арқан
4. Мозайка
5. Суреттер құрау
6. Сөре
Жарыстың қорытындысы бойынша 4 мин 35 сек нәтижесімен І орынды 3 «А»- сыныбы, 5 мин 44 сек нәтижесімен ІІ орынды 3 «Ә»-сыныбы, 3-ші орынды 6 мин 10 сек нәтижесімен 4 «А»-сыныбы иеленді. Сайыс оқушыларға өте ұнады.
Баскетбол жарысының қортындысы бойынша 10-сынып Іорын, 9 «Ә»сыныбы ІІ орын және ІІІ орын 9 «А»сыныбына бұйырды.Тоғызқұмалақ жарысының жүлдегерлері» І орын Жомарт Ақтоты 6 «А» сынып, ІІорын Жумабаева Дильнара 6 «Ә»сынып, ІІІ орын Рамазан Аяулым 6 «Ә» сынып оқушысы.
Үстел теннисініңқортындысы: І орын Мұқышев Жанболат - 6 «А» сынып, ІІорын Қайса Арсен 6 «А», ІІІ орын Зейнуллаев Мадияр - 6 «А» иеленді.
5-6сыныптар арасында Волейбол элементтерімен өткен Пионербол жарысында І орын 5 «А»сыныбы, ІІорын 6 «А», ІІІ орын 6 «Ә» сыныптары ие болды.
Шахматтан қыздар арасында 3 «Ә»сынып оқушылары өздерін белсенді көрсетті. Атап айтқанда Хуатбек Айсәуле –І орын, Кабиденова Томирис-ІІ орын, Касымова Дария –ІІІ орындарды иеленді. Ұлдар арасында 4 «А» сынып ұлдары жүлделі орындаға ие болды.Олар: Куандыков Әділ - Іорын, Бұғыбай Аділет- ІІорын, Бейсембаев Айдын – ІІІ орындарды иеленді.