Бүкіләлемдік ЖҚТБ-ға қарсы науқанына арналған айлық аясында 15 қараша күні «АҚТҚ жұқтырудың жаңа жағдайын, Кемсітушілікті, Өлімді болдырмайық!» атты ұранмен акция және танымдық сайыстар өткізілді. Шараға 8-10 сыныптан 52 оқушы қатысты. Акция оқушылардың «Біз нашақорлықсыз өмірді таңдаймыз» тақырыбында газеттер қорғаумен басталып, бірнеше бағыттарға бөлінген орталықтарда жалғасын тапты. «Салауат» орталығында медбибінің басшылығымен оқушылар АҚТБ/ЖҚТБ-ның қауіп дәрежесін анықтауға арналған тапсырмалар орындады. Түрлі ақпараттық кітапшалар мен анықтамаларды қолдана отырып, өз білімдерін кеңейтті. Ал кітапханада ұйымдастырылған «Құндылық»орталығында осы мәселеге қатысты тұжырымдардың аңыз не шындық екеніне көз жеткізуге тырысты және өз пікірлерін қорғауды үйренді. Психологтың көмегімен түрлі тренингтер мен жаттығулар арқылы жауапты мінез-құлықты қалыптастырып, аурудың алдын алудың маңыздылығын түсінді. Сонымен қатар дене қимылына баулу мақсатында «Экстрим» орталығында дарст арқылы ұпай жинап,түрлі қиын жағдаяттардың шешімін тапты. Барлық орталықтарда жинаған ұпайларына сәйкес 8-10 сынып оқушылары арасында келесі тақырыптар бойынша «АҚТҚ-мен зақымданған адамдарды басқалардан аластату қажет» және « АҚТҚ жұқтырған оқушы үйде оқытылуы қажет» пікірталас ойыны ұйымдастырылды. Пікірталасқа оқушылар белсенділікпен қатысып өзінің позициясын ұстануға, дәлелдер мен фактілер келтіруге, жинаған білімі мен танымын дұрыс қолдануға тырысты.Бұл мәселе бойынша басқа қатысушылар да өз пікірлерін ортаға салып, ойынның қызықты әрі тартысты өтуіне атсалысты. Ойын соңында жеңімпаздар анықталып, акция мен сайыстардың қорытындысы шығарылды: 8- сынып - 38 ұпай, 9«ә» сынып - 47 ұпай, 10 сынып 54 ұпай, 9«а» сынып - 58 ұпай жинады. Шараға қатысқан барлық оқушылар «маған ұнағаны», «маған ұнамағаны», «менің ұсынысым» деген өлшемдер бойынша стикерге өз ойларын жазып, қалдырды. Шара соңында барлық қатысушыларға «МҰНЫ БІЛУ МАҢЫЗДЫ» ДЕГЕН парақшалар тартылды.
ЖҚТБ-ға қарсы НАУҚАН!