2014 жылы 9 желтоқсан күні гимназияда «Көптілділік білім беру - зияткер ұлтты қалыптастыруға жетелейтін жол» атты облыстық семинар өтті. Семинарға облыс мектептерінен 20 ұстаз қатысты. Гимназия директоры М.А. Касенова семинарды ашып, қатысушыларды көптілділік аясында атқарылып жатқан жұмыстың жоспарымен, мақсатымен, күтілетін нәтижесімен таныстырып өтті. Физика пәнінен 7 «А» және 9 «Ә» сыныптарында физика пәнінің мұғалімі Кабылбекова А.С., жаратылыстану пәнінен 5 «А», биология пәнінен 6 «А» сыныптарында биология пәнінің мұғалімі А.Т.Турғанбекова, ағылшын тілі пәнінен мұғалімі Р. С. Сыздыкбаева кіріктірілген сабақтар өткізді. Ашық сабақтар қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде берілді. Семинар «Қазақстанды әлемге танытқан тұлғалар» атты әдеби кешпен жалғасты. Оқушылар қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде Қазақстанның киелі жерлерінің айта отырып, ұлы Абайдың, Қаныш Сатпаевтың, Шоқан Уалихановтың әлемге таныс екендерін қойылым арқылы көрсетіп берді. Қорытынды кезеніңде «Мектепте көптілділікті оқыту: тәжірибе және келешегі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Директордың көптілдік жөніндегі орынбасары К.Б.Тулеубаева, Павлодар облысының инновациялық орталығының әдіскері Қ.Т.Бейсенова семинарға қатысушылармен пікір алмасты.
«Көптілділік білім беру - зияткер ұлтты қалыптастыруға жетелейтін жол» атты семинар