2014 жылы 11-12 желтоқсан күндері Алматы қаласындағы «Алатау» шипажайы базасында VIIІ Республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалі өтті. Фестивальдің мақсаты – ғылыми-әдістемелік зерттеу, Қазақстан мектептерінің мұғалімдері мен жетекшілерінің инновациялық тәжірибелерін тарату. Фестивальдің республикалық кезеңіне әр түрлі бағыт бойынша педагогтердің оқушылармен жүргізетін оқу-тәрбие және сабақтан тыс қызметінің жеке және ұжымдық 220 жоба ұсынылды. Павлодар облысынан қатысқан педагогтер 14 жоба ұсынды. Республикалық фестивальдің қорытындысы бойынша гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Бекбасова Бахтула Шариповна «Өз ісінің шебері» номинациясының жеңімпазы грамотасымен марапатталды. Бахтула Шариповнаны шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!
VIIІ Республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалі